
Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жастар арасында лудоманияның алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру және саналы өмірлік таңдауды насихаттау мақсатында «Саналы таңдау – жарқын болашақ» тақырыбындағы дебат ойыны өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар құмар ойындардың қоғамға және жеке адам өміріне тигізетін кері әсері, тәуелділіктің алдын алу жолдары, жауапты шешім қабылдау мәдениеті мен жастардың болашаққа деген көзқарасы жөнінде өзара пікір алмасты. Командалар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, логикалық ойлау, шешендік өнер және сыни талдау қабілеттерін көрсетті. Аталған дебат ойыны жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, саналы таңдау жасау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Турнир Америкалық парламенттік форматта ұйымдастырылып, бірнеше кезең бойынша өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін танытып, өзара тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті. Төрешілер алқасы әр команданың сөйлеу шеберлігіне, дәлелдерінің сапасына, командалық үйлесімділігіне және мәселені жан-жақты талдауына баға берді.
Турнирдің мақсаты – жастарға тек пікірталас жүргізуді үйрету ғана емес, сонымен қатар олардың азаматтық белсенділігін арттыру, әділдік пен адалдыққа негізделген шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер көшбасшылық, командалық жұмыс, логикалық ойлау, өз көзқарасын дәлелді түрде ұсыну секілді маңызды қабілеттерін шыңдады.
Жүлделі орын алған командалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің мақсаты жастарды дебат жүргізу дағдыларына үйрету ғана емес, олардың азаматтық белсенділігін арттыру, әділдік пен адалдыққа негізделген шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында студенттер көшбасшылық, командалық жұмыс, логикалық ойлау және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау сияқты маңызды дағдыларын жетілдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1208739?lang=kk

Жауап қалдыру