Үлкен Нарын ауданында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үлкен Нарын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда.

Бүгін сенбілікке 4 мыңнан астам адам қатысып, қоғамдық орындарды, көшелер мен аулаларды тазалап, ретке келтірді.

Тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 20 мың қап қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұл игі бастамаға жастар мен еріктілер ұйымдары белсенді атсалысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Су айдындары мен демалыс орындарында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, жағалау аумақтары ретке келтірілді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1208772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді