
Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қалалық аурухананың бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, бейінді сынып оқушылары үшін ай сайын медициналық мекемелерге бару ұйымдастырылған. №2, №7 мектептердің, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің және Е. Бөкетов атындағы ЖББМ оқушылары денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикалық қыр-сырымен тұрақты түрде танысып отырады.
Осы мектептердің медициналық сынып оқушыларынан басқа, экскурсияларға Оқушылар сарайының «Медициналық білім негіздері» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысады. Медициналық ұйымдарға жасалатын ай сайынғы танымдық сапарлар мектеп оқушыларына болашақ мамандықтың нәзік тұстарын тікелей жұмыс орындарында үйренуге көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209364?lang=kk

Жауап қалдыру