
🔹 Қабылдау барысында аудан кәсіпкерлері өздерінің көкейінде жүрген мәселелерін ортаға салып, кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау тетіктері, жер мәселесі, рұқсат құжаттарын рәсімдеу және өзге де өзекті сұрақтар көтерілді.
🔹 Өз кезегінде аудан басшысы мен прокурор айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Шешілуі тиіс мәселелерді тиісті бөлім және мекеме басшыларына бағыттап, нақты тапсырмалар жүктеді.
🔹 Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдары түсіндіріліп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың жұмысын жеңілдету және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1209414?lang=kk

Жауап қалдыру