⚜️Тырысқақ туралы не білу қажет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тырысқақ – бұл тырысқақ вибрионы тудыратын және адамның асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын инфекциялық ауру. Инфекция көзі – адам (ауру адам немесе қоздырғыш тасымалдаушы). Басқа да  жедел ішек инфекцияларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, өлім-жітімнің жоғарылығымен және қысқа мерзім ішінде бірнеше аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетімен ерекшеленеді. 

Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. Ауруды тырысқақ вибрионы – Vibrio cholera тудырады. Холера вибрионы жоғары температурада тез жойылады және дезинфекциялаушы заттарға сезімтал келеді.

Адамға тырысқақ зақымдалған су мен тағамды тұтыну кезінде, сондай-ақ науқастың  немесе вибрион тасымалдаушының бөлінділерімен ластанған қолдары мен заттары арқылы жұғады. Шыбындар да қоздырғыштың таралуына ықпал етеді.

Тырысқақтың негізгі белгілері – тоқтаусыз сұйық іш өту және құсу, бұл ағзаның өмірге қауіпті сусыздануына әкеледі. Сондықтан тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, іш өту, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда, дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты дер кезінде тиімді емдеуге және қолайсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тырысқақтың алдын алудың негізгі шаралары:

– жеке гигиена шараларын сақтау: тамақтанар алдында, тамақ дайындау кезінде және әжетханаға барғаннан кейін қолды мұқият жуу;

– қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

– ұйымдастырылған демалыс үшін рұқсат етілген су айдандарында шомылу;

– жуылмаған көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ теңіз, мұхит және басқа да су нысандарынан алынған, термиялық өңдеуден жеткіліксіз өткен өнімдерді тұтынбау;

– азық-түлік, жемістер мен көкөністерді рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алу;

– жемістер мен көкөністерді қайнаған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу.

Тырысқақтың негізгі алдын алу шараларын сақтай отырып, Сіз осы қауіпті инфекциялық аурудан сақтана алатыныңызды есте сақтаңыз.

 

 

 

 

            

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1209524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді