
2026 жылдың 21 сәуірде №6 жалпы білім беретін мектеп базасында 8-сынып оқушылары арасында «Білім бәйгесі» қалалық зияткерлік конкурсы өтті. Іс-шара Шахтинск қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен және №6 ЖББМ-нің қолдауымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ «Smart bala» және «Ұшқыр ой алаңы» жобаларын іске асыру аясында өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін, өрісін кеңейту және тиімді командалық іс-қимыл дағдыларын дамыту.
Жарыс зияткерлік квиз форматында өтіп, 6 тақырыптық кезеңді қамтыды. Әр кезеңде қатысушыларға мектеп бағдарламасы мен жалпы эрудицияға негізделген сұрақтар (6-дан 15-ке дейін) қойылды. Сайысқа қаланың 8 мектебінен 8 команда қатысты. Барлық қатысушылар білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.
Тартысты өткен зияткерлік доданың нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын: №6 ЖББМ командасы;
2-орын: №7 ЖББМ командасы;
3-орын: Е. Бөкетов атындағы ЖББМ командасы.
Мұндай форматтағы зияткерлік жарыстар оқушыларға өз білімін тексеріп қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерін де көрсетуге мүмкіндік береді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға оқуда табыс және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209367?lang=kk

Жауап қалдыру