Абай облысының мәслихаты сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде кезекті сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар және мәслихат аппараты қатысты.

Сенбілік Семей қаласындағы Сеченов көшесінің бойында ұйымдастырылды. Аумақ тазартылып, ретке келтірілді.

«Таза Қазақстан» бастамасы өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайтып, елді мекендердің келбетін жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1208878?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді