Ағымдағы жылдың 24–26 сәуірі аралығында қалалық мәслихат төрағасы Ж.С.Мамерханова, әріптес депутаттар Ш.Б.Бейсембаева және М.Р.Қадыровамен бірлесіп, Астана қаласында Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы ұйымдастырған «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды кешенді дамыту негіздері» тақырыбындағы оқыту бағдарламасына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумақтарды кешенді дамыту Стандартына негізделген және заманауи қала құрылысының негізгі қағидаттарымен таныстыруға бағытталған. Қарқынды формат аясында урбанистика саласындағы танымал сарапшылар тұрғын үйлер архитектурасы, құрылыс салуды реттеу, көлік инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және жайлы қалалық орта қалыптастыру мәселелерін қамтыды.

Бағдарламаға қатысу кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және қалалық аумақтарды дамыту бағытындағы тиімді жұмыс үшін қажетті тәжірибелік білім алуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1209573?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді