Айтжан Тоқтағанның 80 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – күй-шежіре» концерті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі күйші, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтағанның 80 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – күй-шежіре» атты концерт өтті.

Кеш барысында мерейтой иесіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды. Құттықтауда өнер иесінің күй өнерін дамытуға, ұлттық фольклорлық мұраны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге қосқан сүбелі үлесі айрықша атап өтілді.

Концерт қазақ күй өнерін кеңінен насихаттап, күйшілік дәстүрдің сабақтастығын айшықтаған мазмұнды рухани кешке айналды. Концерт бағдарламасында Тәттімбет, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, Төлеген Момбеков, Нұрғиса Тілендиев сынды атақты күйшілердің бірегей шығармалары орындалды.

Кешке Айтжан Тоқтағанның әр өңірден келген шәкірттері, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздар және «Gulder» ансамблінің әртістері қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1209177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді