Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұданәрі – сайлау туралы Конституциялық заң)                   10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихаты Кеген ауданының 2 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.Учаскелік және округті ксайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.Әр бір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саясипартиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы  12  мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөр мен бекітілген және орындалуда тасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12 мамырға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.

 

Кеген  аудандық  мәслихатының т өрағасы – А. Нұғман.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Кеген  ауылы, Момышұлы көшесі, 19А, Кеген аудандық мәслихатының ғимараты

Жауапты тұлға – Сагинбеков Нұрман Сәрсебекұлы, 3 қабат, № 303 каб., ұялы телефондарының нөмірі: 87086701907, 87714438106, электрондық пошта мекенжайы: kegen-maslihat@mail.ru  

 

Аудандық мәслихат2 учаскелік сайлау комиссияларының 10мүшелерін сайлайды. 

 

№ р/с

Сайлау учаскесініңнөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

Учаскелік сайлаукомиссиялары2

1.                  

№1005

Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, №7, «Кеген ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

2.                   

№1006

Кеген ауылы, Қ. Сатпаев көшесі, № 1, ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты

5

 

«Кеген аудандық  мәслихатының аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1209112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді