Алматы облысында жыл басынан бері дрондардың көмегімен 400-ге жуық жол ережесін бұзушылықтың алды алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану белсенді түрде жалғасуда.

Жыл басынан бері ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 376 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Құқық бұзушыларды дер кезінде анықтаудың арқасында неғұрлым ауыр зардаптардың алдын алып, жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендетуге және жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтауға мүмкіндік туды.

Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қиылыстардан өту қағидаларын бұзу, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру қағидаларын бұзуы бар.

– Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтауға, объективті бақылауды қамтамасыз етуге және жүргізушілердің қауіпті әрекеттеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, өйткені басты міндет – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, – деп түйіндеді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1209488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді