Ел болашағының кепілі – дені сау ұрпақ екенін ескерсек, бұл шараның маңызы өте зор.
Аталған маңызды жиынға №1 Облыстық перинаталдық орталығының білікті мамандары қатысып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып қайтты:
Махаматбоев Фарход Махсадбойугли — неонатолог-реаниматолог;
Пушпакбаева Нурия Тилеухановна — бас акушер;
Валиулина Татьяна Васильевна — неонатологиялық блоктың мейіргері.
Конференция барысында Ана мен бала денсаулығын қорғаудың жаңа әдістері талқыланды. Нәрестелер күтіміндегі заманауи медициналық технологиялар таныстырылды. Шетелдік және отандық сарапшылармен кәсіби байланыс орнатылды.
«Біз үшін әрбір сәбидің өмірі мен денсаулығы — басты құндылық. Мұндай конференциялар біліктілігімізді арттырып, емдеу ісіне жаңа серпін береді», — дейді тәжірибе алмасып келген орталық мамандары.
Біздің мамандар алған білімдері мен жаңа тәжірибелерін күнделікті жұмыс барысында енгізіп, аналарымыз бен нәрестелерімізге сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастыра береді.
твенной медицинской помощью.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1209941?lang=kk

Жауап қалдыру