Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде 2026 жылға арналған бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігі мәселесіне талдау жүргізілді.
Ақмола облыстық мәслихатының 19.09.2025 жылғы № 8С-22-7 шешімімен (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) облыстық бюджет қаражаты есебінен 4,1 млрд теңге сомаға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Талдау нәтижелері бойынша өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды.
Мысалы, Іс-шаралар жоспарында 55 млн теңге сомасына Ақмола облысы аумағындағы 16 жер қойнауын пайдалану объектісін рекультивациялау бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу көзделген.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 54, 55-баптарына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген жер қойнауы учаскесінде жүргізілген операциялардың салдарын өз қаражаты есебінен жоюға міндетті.
Бұдан бөлек, аталған жер қойнауын пайдаланушыларды жою міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу туралы сот шешімдері бар.
Алайда, қолданыстағы заңнама талаптары мен сот шешімдеріне қарамастан, Басқарма тарапынан Іс-шаралар жоспарына рекультивация бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу негізсіз енгізілген.
Сол секілді 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 4 іс-шара бойынша бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
Заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында облыс әкімдігінің мекенжайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Осылайша, прокуратураның шараларымен табиғатты қорғау іс-шараларына қарастырылған бюджет қаражатын тиімсіз жопарлаудың алдын алынды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1208891?lang=kk

Жауап қалдыру