Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданы

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен орнында каолин өндіру алаңы негізінде жұмысын бастады.

«Qazaq Kaolin» ЖШС-нің бас директоры Марат Хасеновтың айтуынша, жоба байытылған каолин өндірісіне бағытталған. Кәсіпорында негізгі технологиялық бөлімшелердің жұмысы тексеріліп, сынақтық өнім партиясы шығарылды. Нысанда неміс компаниясы AKW мамандары жұмыс жасап, іске қосу-баптау жұмыстарын және жабдықты технологиялық сынақтан өткізуде.

«Фабриканың өндірістік қуаты жылына 230 мың тонна шикізат және 90 мың тоннаға дейін байытылған каолинді құрайды. Сонымен қатар, жоба шеңберінде қосалқы өнім – төрт фракциялы кварц құмы шығару қарастырылған. Жабдық Германиядан, Қытайдан және Ресейден алынған, сондай-ақ Теміртау зауыты шығарған металлоконструкциялар пайдаланылған. Негізгі құрылыс жұмыстарын Қарағанды қаласындағы AsiArt компаниясы орындады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады», – деді Марат Хасенов.

Құрылыс 2025 жылғы тамызда басталған және бүгінде негізгі өндірістік нысандар салынды, технологиялық жабдық іске қосылды, өнімнің сынақтық іске қосылуы жүргізілуде. Кәсіпорында 53 қызметкер жұмыс істейді, жобалық қуатқа шыққаннан кейін қызметкерлер саны шамамен 90 адамға жетеді. Өндірісті толық іске қосу 2026 жылғы шілдеге жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1209434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді