Ащысай ауылында әскерге шақыру науқанына байланысты жиналыс өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ащысай ауылында ауыл әкімі Жеңіс Байкобековтың, Кентау қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрлан Дүйсебаевтың, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ерлан Қошқарбаевтың және мамандардың қатысуымен 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына байланысты арнайы жиналыс өткізілді.

Жиын барысында көктемгі шақырылымды ұйымдастыру, әскерге шақырылушыларды дер кезінде хабардар ету, медициналық тексеруден өткізу және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, шақырылым науқанын талапқа сай әрі сапалы өткізу мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-achisai/press/news/details/1209083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді