
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарын спортқа баулу, өзара қарым-қатынасты нығайту, дене тәрбиесін жан-жақты жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
🏆 Нәтижесінде:
🥇 І орынды «Мұғалімдер» командасы иеленді.
🥈 ІІ орын «7 мектеп» командасына бұйырды.
🥉 ІІІ орынды «Ауыл жастары» командасы қанжығасына байлады.
Жеңімпаз және жүлделі орын алған командалар тиісті дәрежедегі дипломдармен, медальдармен және арнайы кубокпен марапатталды.
Спорт – бірлік пен берекенің кепілі! 💪

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-achisai/press/news/details/1209212?lang=kk

Жауап қалдыру