Атырауда жол сақшылары күшейтілген режимде қызмет етуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сүзгілік бақылау бекеттерін ұйымдастыруда. Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары қала аумағында және кіреберіс бағыттарда көлік құралдарын тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексеріп, жол жүру ережелерінің сақталуын қадағалауда. Әсіресе мас күйде көлік басқару, жылдамдықты асыру және қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылуда.
Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Сонымен қатар жол сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда мұқият болуға, белгіленген талаптарды сақтауға шақыруда.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды бір-біріне құрметпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1209678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді