
Ауданда тротуарларды арнайы тазартқыш құралдарды қолдана отырып, кешенді түрде жуу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат — жиналған шаң-тозаңды, көшедегі ластануды жою және қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту.
Жұмыстар бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Алдымен тротуарлар су мен жуғыш ерітінді беретін арнайы суару-жуу техникалары арқылы өңделеді. Бұл ластануды жұмсартып, оны тиімді тазалауға мүмкіндік береді. Одан кейін жол жұмысшылары щеткалардың көмегімен тротуар плиталарын механикалық түрде тазалайды. Соңғы кезеңде көбік пен кір қалдықтарын толық жою үшін таза сумен қайта жуылады.
Жұмысқа 60 қызметкер мен 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Арнайы көбікті химиялық құралдарды қолдану тротуарлардың бетін терең тазартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1209024?lang=kk

Жауап қалдыру