
Сарқан аудандық мәслихаттың кезекті 57-ші сессиясы онлайн Zoom платформасы арқылы өтті. Сессияның күн тәртібінне сәйкес 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы бойынша Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Абдрахманов есебі және Сарқан ауданының 2025 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының орындалуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Манамұратовтың баяндамасы тыңдалды.
Аталған мәселелер бойынша Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары дауысқа салып, тиісті шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarkan/press/news/details/1209595?lang=kk

Жауап қалдыру