Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінің «Азаматтарды қабылдау орталығында» Департамент басшысы Г. Кыстаубаева атқарушылық іс бойынша берешегін өндіру сұрауымен және сотқа талап арыз беру үшін мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі аясында адвокатпен қамтамасыз ету бойынша жүгінген азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жүгінген азаматтарға қолданыстағы Заңнамаға сәйкес түсіндірме беріліп, қойылған сұрақтар бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды.
Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу тәртібі, берешекті өндіріп алу шаралары және мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін алу тәртібі түсіндірілді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатыны жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1209009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді