
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, саланың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды қабылдап, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.
Ұжыммен кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, аудан әкімшілігімен және ауыл әкімдерімен бірлесіп атқарылған шараларға талдау жасалып, алдағы міндеттер талқыланды. Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде және толыққанды жауап беру үрдістері туралы тәжірибе алмасу мәселесі сөз болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1209087?lang=kk

Жауап қалдыру