«Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 17 сәуір күні «Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ базасында «Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық ресурстарды тиімді қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын және білім сапасын дамыту.

Іс-шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Маултгазиновна ашып, мектеп директоры Бақыт Тілеуғазықызы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен практикалық жұмыстар ұсынды. Атап айтқанда, әдебиеттік оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша өткізілген сабақтарда цифрлық ресурстарды тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар Quizizz, Kahoot, SONO платформаларын пайдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру тәсілдері таныстырылды.

Қатысушыларға «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы жұмыстар және заманауи білім берудегі жасанды интеллекттің мүмкіндіктері бойынша тренинг өткізілді.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңы ретінде мұғалімдерге үлкен әдістемелік қолдау көрсетті. Қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану бойынша жаңа идеялар мен тәжірибелер алды.

Семинар соңында қорытынды жасалып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге білім бөлімінің сертификаттары табысталды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді