
⚜️ 23 сәуір күні Жарма ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың (12 команда) дене шынықтыру нұсқаушылары, тәрбиешілері және педагогтері арасында «Бестемше» қазақ ұлттық ойынынан Абай облысының ашық біріншілігі өтті.
⚜️ Ақсуат ауданынан 3 команда қатысып, «Балдырған» бөбекжайының дене тәрбиесі нұсқаушысы Калиоллаев Адлет Ерғазыұлы мен «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі Асылбекова Әлия Асылбекқызы жетекшілік еткен команда жүлделі 🏆🥇 I орынды иеленді. Жеңімпаздар облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Ал қалған екі команда мүшелері:
«Әсем» бөбекжайының дене тәрбиесі нұсқаушысы Қунафин Айдын Санақбекұлы мен «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі Күлкаева Салтанат Серікқалиқызы, сондай-ақ «Еркетай» бөбекжайының дене тәрбиесі нұсқаушысы Ермекбаев Қуаныш Әлімханұлы мен тәрбиеші Әлкебаева Маржан Амантайқызы грамоталармен марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209268?lang=kk

Жауап қалдыру