
«Ұстаздық — ұлы құрмет. Ал шәкірттің
биік белесті бағындыруы — ұстаз еңбегінің жанғаны»
2026 жылғы 7 сәуір күні Қарағанды қаласындағы «Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Л. Бәйішқызы атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. 9–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған бұл білім додасына Шахтинск қаласының намысын қорғауға үш оқушы қатысты.
«Білім — таусылмайтын кен, жас дарын — ұлттың болашағы».
Олимпиада қорытындысы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жорабек Жаннұр ерекше білім деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Шәкірттің бұл жетістігінде пән мұғалімі А. С. Қаржасованың қажырлы еңбегі мен ұстаздық шеберлігі зор.
Жас дарынды облыстық деңгейдегі биік белесімен құттықтаймыз!
«Білім шыңына бастар жолдарың ашық, асуларың биік болсын, жас дарындар!»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209354?lang=kk

Жауап қалдыру