
Геология комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, құрғақ жапырақтар жиналды, сондай-ақ жасыл желектер ретке келтірілді. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қаланың көркін жақсартуға бағытталды.
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology/press/news/details/1209695?lang=kk

Жауап қалдыру