Хабарландыру «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бөлімінің бас маманы Мағауина Гүлмира Әміртасқызына 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 72-15-56, 72-26-13.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1209858?lang=kk

Жауап қалдыру