Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған» түсіндіру іс-шараларын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департамент қызметкерлеріне 24.04.2026ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдама» бойынша құқықтық оқу өткізілді. Іс-шараның жүргізу мақсатында  мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған.

Құқықтық оқыту барысында құзырлы органның өкілі қатысушыларға «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдама» — Қазақстан мемлекетінің сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде азайтуға бағытталған стратегиялық құжат екендігі және басты мақсат — жемқорлықты түбегейлі азайту, ашық әрі әділ мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырылу екендігі жөнінде түсіндірме жасады.

Іс шара барысында қатысушылардың тақырып бойынша  туындаған сұрақтарына  жан-жақты түсіндірме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1209562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді