
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкіл А.Маханова 27.04.2026ж. Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер Наурызбаев Талғат Дауылбаевич және Мауленов Талғат Оспанұлына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қорытындыда, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетімен мемлекеттік органның беделін қалыптастырады, әдеп нормаларын сақтау:азаматтардың сенімін арттырады, мемлекеттік органның абыройын көтереді және қызмет сапасын жақсартатындығы жөнінде түсіндірді.
Сондай ақ, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты қаңдай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1209795?lang=kk

Жауап қалдыру