
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХVІІ «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
«Абай оқулары» конкурсының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Аталған конкурс 5 номинация бойынша өткізілді:
1) «Абайдың асыл мұрасы»
2) «Абайдың ақын шәкіріттері»
3) «Әнді сүйсең менше сүй»
4) «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
5) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
ХХVІІ «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің 24 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломмен және медальдарымен марапатталады: І орын-5, ІІ орын-8, ІІІ орын-11, грамота-4.
Сонымен қатар Абай оқуларынан 1 орынға иеленген оқушылар Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
І-дәрежелі дипломмен марапатталады:
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Жүсіпбек Іңкәр – Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Темірхан Гүлім – Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Амантай Нурали – Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Шакей Ілияс – Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
“Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі” номинациясы бойынша Ғажайып Каусар – Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
ІI-дәрежелі дипломмен марапатталады:
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Бауыржан Сауле – Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Сабыр Айсұлтан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
“Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Реймова Гүлдана – Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Жақсылық Алуа – Біржан сал ауданы, Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Жалғас Айару – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Жүніс Балнүр – Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Нұрболат Мақпал – Атбасар ауданы, Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 – сынып оқушысы;
“Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі” номинациясы бойынша Арын Нұрсәуле – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 – сынып оқушысы.
ІІI-дәрежелі дипломмен марапатталады:
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Мұратұлы Даурен – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Айтмағамбет Гүлім – Зеренді ауданы, Жолдыбай ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Елегенова Назерке – Целиноград ауданы, Қарамеңді батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
“Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Садвакасов Диас – Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Муратова Айым – Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Рашитова Фарида – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Н.Смагулов атындағы мектеп лицейінің 9-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Ахмедова Ревекка – Көкшетау қаласының №21 мектеп -лицейінің 9-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Дакібай Нұржігіт – Бурабай ауданы, Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Абылхадыр Толғанай – Қорғалжын ауданы, Қараегін ауылының Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Табысқызы Аягөз – Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Қуанәлі Інжу – Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталады:
“Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Тилеухан Сырым – Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
“Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Темірхан Ринат – Егіндікөл ауданы, Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
“Әнді сүйсең менше сүй” номинациясы бойынша Гречихина Елена – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша Жексенбек Халид – Аршалы ауданы, Қостомар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды мен жүлдегерлер құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1209484?lang=kk

Жауап қалдыру