
25 сәуір күні ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың орталық саябағында өткен сенбілікке қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды.
Сенбілік барысында қатысушылар тал егу жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Тазалық пен табиғатқа жанашырлық – баршамызға ортақ құндылық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1209081?lang=kk

Жауап қалдыру