«Мектептегі мейірім мекені: психологиялық қолдаудың маңызы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының тек академиялық жетістігі ғана емес, оның психологиялық әл-ауқаты мен эмоционалды тұрақтылығы да басты назарда болуы тиіс. Жылдам өзгеріп жатқан әлеуметтік орта, ақпараттық жүктеменің артуы және түрлі сыртқы факторлар балалардың психикалық денсаулығына әсер етуде. Сондықтан мектеп психологтарының рөлі бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

Осы бағытта аудан көлемінде мектеп психологтарына арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға 25 астам педагог-психолог пен 30 педагог қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, психологиялық қызметтің сапасын жетілдіру және оқушылардың психикалық денсаулығын қорғау бойынша жүйелі жұмысты қалыптастыру.

Семинар барысында қатысушылар оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау әдістерімен, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу жолдарымен, сондай-ақ эмоционалды тұрақтылықты дамытуға арналған тиімді практикалық жаттығулармен танысты. Ерекше назар мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелеріне аударылды.

Практикалық бөлімде психологтар нақты жағдайлар негізінде жұмыс істеп, топтық тренингтер мен кейс-талдаулар арқылы тәжірибе алмасты. Мұндай формат мамандардың кәсіби шеберлігін арттырумен қатар, өзара тәжірибе бөлісуіне үлкен мүмкіндік берді.

Семинар-практикум нәтижесінде қатысушылар оқушылардың эмоционалды жағдайын тұрақтандыруға бағытталған жаңа әдістерді меңгеріп, оларды өз тәжірибесінде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, психологиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелілік пен кешенді тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.

Бүгінгі таңда мектептегі психологиялық қолдау – сапалы білім берудің ажырамас бөлігі. Оқушы өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінген жағдайда ғана оның білім алуға деген қызығушылығы артып, тұлғалық дамуы толық жүзеге асады. Сондықтан мұндай семинарлар педагог-психологтардың кәсіби дамуына серпін беріп, жалпы білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1208888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді