
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек «Игілік» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мәселелері, сондай-ақ осы бағытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар аурушаңдық деңгейін төмендетуге бағытталған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударды.
Нариман Ермек жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бастамаларға қолдау білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта да бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1209786?lang=kk

Жауап қалдыру