
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұжымы елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап, сенбілікке шықты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды шара қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сенбілік аясында комитет қызметкерлері бекітілген аумақтарды абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл – жай ғана қоқыс жинау емес, қоршаған ортаға деген құрмет пен туған жерге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1208945?lang=kk

Жауап қалдыру