ОРАЛДА СТУДЕНТТЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілер Оралдағы іссапар аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырды. Атырау қаласы әкімдігіне қарасты Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат Аухадиева мен Дамбы ауылдық округінің әкімі Темірлан Әубәкіров еліміздегі көшбасшы білім ордаларының бірі – Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттермен кездесті.

«Жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қызметке тарту – ел болашағының кепілі» тақырыбында өткен кездесу барысында жастар билік өкілдерімен ашық пікір алмасып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңінен мағлұмат алды.

Спикерлер студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібін, қойылатын талаптарды және ұсынылатын мүмкіндіктерді жан-жақты баяндады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен елдің дамуына қосатын үлесі туралы айтып өтті.

Тәжірибелі ауыл әкімдері мемлекеттік қызметшінің адалдық қағидаттары, жауапкершілігі және кәсіби этикасы жөнінде де нақты ақпараттар жеткізді. Еркін форматта өткен жүздесу кезінде студенттер көкейкесті сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Мазмұнды жүздесу жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, олардың алдағы кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1209621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді