
2026 жылғы 24 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары мен аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен Қазақстан Республикасы Президентімен телемостқа қатысты.
Іс-шара Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтті. Телемост барысында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалып, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1209529?lang=kk

Жауап қалдыру