Қарағандыда өртке қарсы жабдықтарды ұрлау дерегі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда өртке қарсы жабдықтарды ұрлау дерегі ашылды. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық полиция бөліміне жергілікті ЖШС өкілінен кәсіпорын аумағынан өртке қарсы жабдықтардың ұрланғаны туралы арыз түсті. Белгісіз қаскүнем өрт крандарын, жинақтаушы бөлшектері бар өрт сөндіру құбыртүтігін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйесінің аса маңызды элементтері – көмірқышқылды өрт сөндіргіштерді қолды еткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол көрші мемлекеттің 35 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған кезде ер адам өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдіктінің тағы бір қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Атап айтқанда, ол көршілес шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлаған. Қазіргі уақытта ұрланған барлық мүлік тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1209608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді