Қазақстан бокстан Бразилиядағы әлем кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан биылғы жылдың алғашқы әлем кубогы мәресіне жетті.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Виктория Графеева салды. Ол -60 кг салмақтың финалында жарыс қожайыны Рэбекка Сантоспен жұдырықтасып, 4-1 есебімен басым түсті.

Осыдан кейін шаршы алаңға шыққан Аида Әбікееваның қарсыласы Навбахор Хамидова (Өзбекстан) болды. Отандасымыз 5 раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді.

Ерлер арасында -85 кг салмақта ел намысын қорғайтын Сұлтанбек Айбарұлы жергілікті боксшы Кауи Белиниді ұтып, алтыннан алқа тақты. Бұл – оның World Boxing әлем кубогындағы 2-алтыны.

Аса ауыр салмақта (+81 кг) тіркелген 2 боксшы – Валерия Аксенова мен София Сира (Мажарстан) арасындағы айқаста отандасымыз айқын басымдықпен басым түсті (есеп: 5-0).

Осылайша, Қазақстан турнирді 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Жартылай финалдан соң Алуа Балқыбекова (-51 кг), Жібек Жарасқызы (-80 кг), Диас Молжігітов (-80 кг) 3-орынға тұрақтады.

Фос-ду-Игуасу қаласына 47 мемлекеттен 350-ге жуық былғары қолғап шебері жиналды. Келесі әлем кубогын Қытай, сосын Өзбекстан қабылдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1209905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді