
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды.
Құжатта алғаш рет полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері мен қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты бөлінген. Енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат белгіленген мерзімдер мен жауапты тұлғалар бекітілген міндетті іс-қимылдар тізбегін іске қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1209328?lang=kk

Жауап қалдыру