Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан  

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырықыншы сессиясы 2026 жылғы            30 сәуір күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт   ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 15.00- де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24   желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. 2026   жылға   арналған   кондоминиум   обьектісін   басқаруға  арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум обьектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы.
  1. Әлеуметтік  көмек  көрсету,  оның  мөлшерлерін  белгілеу  және  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.   

 

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.

                                                                                                                                              

           Ескертпе:  Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1209257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді