
2026 жылғы 24 сәуірде Ұлытау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г. Рахымжанова «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру және ілгерілету, сондай-ақ құқықтық кабинеттердің қызметін жандандыру жөніндегі жұмыс аясында Ақтүбек, Байдалы би ауылдық округтерінде болды.
Сапар барысында ол жергілікті әкімдіктерде орналасқан «Құқықтық кабинеттердің» қызметімен танысты. Сонымен қатар, «Әділет» және «Заң» құқықтық деректер базаларының, мемлекеттік порталдардың қолжетімділігі тексеріліп, мамандар үшін оқыту семинары өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1208882?lang=kk

Жауап қалдыру