
Іс-шараның мақсаты – көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері бар, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдану деректерін анықтау. Аталған шара аясында ҚАЗ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолында бір тәулік ішінде 4 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен 4 әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды. Құқық бұзушы көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заң – баршаға ортақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1208834?lang=kk

Жауап қалдыру