
700-ден астам қызметкер жұмылып, аумақты тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған нақты үлес. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені тағы бір мәрте айқындалды. Іс-шара барысында полицейлер табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, облыс тұрғындарын да осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Қызылордалық тәртіп сақшылары алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларға қатысып, еліміздің жасыл әрі таза болашағына өз үлестерін қоса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1208831?lang=kk

Жауап қалдыру