
Жылы күндер мен көктемнің басталуымен саяжайлардың жұмысы жандана бастайды. Осы кезеңде қыста жасалған қылмыстардың анықталуы сирек емес, өйткені көптеген иелер қалың қардың салдарынан өз учаскелеріне бара алмайды.
Ақмола полицейлерінің айтуынша, мұндай қылмыстарды ашу қиынға соғады. Зиянкестер жиі із қалдырса да, оларды анықтау және тіркеу ауа-райының қолайсыздығымен және иелерінің ұзақ уақыт болмауымен қиындайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарды өз мүлкін сақтау мәселелеріне ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Мәселен, полицияға Зеренді ауданының саяжай үйінен ұрлық жасалғаны туралы арыз түсті. Белгісіз адамдар электр құралдарын ұрлап кеткен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол бұрын сотталған 38 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1209897?lang=kk

Жауап қалдыру