СЕНБІЛІККЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСЫП, 80 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Жалпы аудан бойынша өткен сенбілікке 10 200-ге жуық адам белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстарына 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 80 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер, 12 ауылдық округтің тұрғындары, еріктілер және түрлі сала мамандары бір кісідей жұмылып, аудан аумағын абаттандыруға атсалысты.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді. Ағаш түптері әктеліп, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Ауқымды тазалық шарасы ауданның көркеюіне өз үлесін қосып қана қоймай, тұрғындарды бірлікке, ортақ іске жұмылуға үндеді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1209012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді