Сенімді пайдаланушы — 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 24 сәуірде, schoolnet.online онлайн платформасында «Сенімді пайдаланушы — 2026» облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Интеллектуалдық олимпиадаға 5–8 сынып оқушылары қатысып, ақпараттық технологиялар бойынша білімдері мен бағдарламалау тапсырмаларын шешу дағдыларын көрсетті.Қызылжар ауданынан 14 мектептен 55 қатысушы үздік атану үшін бақ сынасты.

Олимпиада Ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды балаларды анықтауға көмектеседі және оқушыларды цифрлық құралдарды терең зерттеуге ынталандырады.

Аудандық кезеңнің қорытындысы:

 

5-сынып:

Кайрат Мадеев, «Бескольская мектеп-колледжі» ЖШС – 2 орын

Егор Васильев, «Асанова ОМ» КММ – 3 орын

 

6-сынып:

Полина Степаненко, «Чапаев НМ» КММ – 1 орын

Жақсылық Шыңғыс, «Парасат мектеп-лицейі» КММ – 2 орын

Давид Сулейманов, «№2  Бескөл ОМ» КММ – 2 орын

Станислав Бекетов, «№2  Бескөл ОМ» КММ – 2 орын

Мейірім Түлкібай, «Чапаев НМ» КММ – 3 орын

Виктория Кузнецова, «Пенькова ОМ» КММ – 3 орын

Бахтияр Желдыбаев, «Пенькова ОМ» КММ – 3 орын

 

7-сынып:

Ерасыл Тасқын, «№2  Бескөл ОМ»  КММ – 1 орын

 

8-сынып:

Бауыржан Аманкелдіұлы, «№2  Бескөл ОМ» КММ – 1 орын

Райымбек Аблан, «Парасат мектеп-лицейі» КММ – 2 орын

Александра Ознобихина, «№3 Бескөл ОМ» КММ – 3 орын

 

Барлық қатысушыларды олимпиаданың аяқталуымен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-kyzylzhar/press/news/details/1209627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді