
2026 жылғы 24 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы Мухтаров Е.Е. «Алтай ауданы Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндірді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау мәселелері кеңінен талқыланып, жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі міндеттері, сондай-ақ жалақыны уақытылы төлеу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихы мен оның маңызы туралы ақпарат ұсынылып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін нығайтуға бағытталған пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1209443?lang=kk

Жауап қалдыру