
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының білім бөлімі барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорларымен жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібінің негізгі мәселелері: мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді қарастыру; өткізу режимінің сақталуын бақылауды күшейту, балаларды заңды өкілдерге беру, терезе қақпағының толық ашылуына жол бермейтін блокаторлардың (құлыптардың) міндетті түрде болуымен терезелердің қауіпсіздігі, өрт және техногендік қауіпсіздік; балалардың күнделікті тәртібін ұйымдастыруға бақылауды күшейту, мәдени-гигиеналық дағдыларды дарыту, серуендеуді ұйымдастыру. Кеңес барысында жұмыс тәртібінің басқа да мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209152?lang=kk

Жауап қалдыру