
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганмен кездесу өтті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда, инвестиция, білім беру және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Қаланың инвестициялық әлеуетіне ерекше назар аударылды. Шымкентте инвесторларға дайын инфрақұрылым, жеңілдіктер және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеу ұсынылатын индустриялық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды дамытуға және екі елдің іскерлік, білім беру және мәдени мекемелері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға дайындық расталды.
Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы серіктестік қатынастардың одан әрі кеңейетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1208915?lang=kk

Жауап қалдыру