
2026 жылғы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» Идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық іс-шара өтті, оған облыстың мемлекеттік кіріс органдарының, Кәсіпкерлер палатасының және уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара маңызды ақпараттар ұсыну және салық заңнамасының жаңа ережелерін қолдануды, сондай-ақ кәсіпкерлердің «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа Заңды іске асыруға тікелей қатысуының практикалық сұрақтарына жаңартылған ақпарат пен жауаптар беруге бағытталған.
Акция 200-ден астам кәсіпкерлік субъектілерін қамтыды.
Облыс орталығында өткен іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1209805?lang=kk

Жауап қалдыру