СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шарасын өткізді. Жиынға аудандық әкімдік қызметкерлері қатысты. Бұл ай сайынғы оқыту іс-шарасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытуға және олардың заңға құрметпен қарауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шара барысында Бекзат Абубакиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі еліміздегі жаңа заңнамалық өзгерістерді таныстырды. Қызметшілердің әдебі мен моральдық нормалары, мемлекеттік қызметшінің кәсіби және этикалық мінез-құлқы туралы кеңес берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1208989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді